Мужигова Гульназира Маулетханқызы 05.04.1986 жылы сәуір айының 5-ші жұлдызында Алматы облысы, Жаркент ауданы, Көктал ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі жоғары. 2004 ж.ж. Алматы қаласы, Алмалы ауданы №167 қазақ орта мектебін тәмәндаған. 2004-2008ж.ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің «050117- Қазақ тілі әдебиет» мамандығы бойынша бакалавр бөлімін, білімін одан әрі дамыту мақсатында 2011-2013 жылдар аралығында Қазақ ұлттық университетінің филолгия және әдебиеттану әлем тілдері факультетінде «6M020700-Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Магистратурада оқып жүргенде университетің академиалық ұтқырлық бағдараламасы бойынша Испаниядағы Гаранада университетінде ғылыми тәжірбиеден өтті. 2008 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасында кафедра маман қызметін, 2008-2011 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының жоғары білімді маман қызметкері міндетін атқарды. 2011-2013ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканат маман қызметін атқарды. 2013 жылдан осы уақытқа дейін ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. 2020 жылдан бастап факультеттің Ғалым хатшысы, 2020 жылдан бастап «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің бірлестік жекшісі. 2022 жылдан бастап ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға кураторы, сондай-ақ әлеуметтік желілерідегі кафедраның Istagram және Facebook жеке парақшаларына жауапты Факультет көлемінде өткізілген барлық іс-шараларға белсене ат салысады. Ашық сабақтар өткізіп, әдістемелік семинар және түрлі ғылыми-әдістемелік конференцияларға тұрақты түрде қатысып, баяндамалары жарияланған. Сондай-ақ факультет көлемінде «Жер – біздің ортақ үйіміз», «Ғылыми таным және ізденіс», «ФАРАБИ ƏЛЕМІ» атты студенттердің халықаралық ғылыми конференциясының ұйымдастырушысы және конференция материалдары жинағының авторларының бірі. Аталған конференцияларға сонымен қатар "Ustaz tilegi"ғылыми-әдістемелік байқау және жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықаралық Ә. НҰРШАЙЫҚОВ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ БАЙҚАУЫНА тыңдаушыларға ғылыми жетекші болып, жүлделі орындарға ие болған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2013

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

2008

Қызығушылығы